Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,30₸0,00
EUR490,91₸0,00
RUB5,41₸0,00
CNY66,59₸0,00
ШҰҒЫЛ
#Заңментәртіп

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ КЕН ӨНДІРГЕНДЕР 338 МЫҢ ТЕКШЕ МЕТР ЖЕРДІ ҚАЗЫП ТАСТАҒАН

Қарағанды облысында екі компанияның басшысы Балқаш қаласына қарасты Саяқ ауылының маңында темір мен марганец кенін заңсыз өндірген. Заңсыз қазба жұмыстары салдарынан жердің үстіңгі қабаты бүлініп, оны қалпына келтіруге 485 миллион теңге қажет. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Тергеу мәліметінше, «Vertex Co.» және «MiningMetall» ЖШС басшылары жер қойнауын пайдалануға тиісті құқықтары мен рұқсат құжаттары болмаса да, кен өндіру жұмыстарын ұйымдастырған. Заңсыз жұмыстарға жалдамалы жұмысшылар мен арнайы техника тартылған. Өндірілген кен ұсатылып, кейін сату үшін теміржол станциясына жеткізіліп отырған.

Тексеру барысында кен қазылған үш карьер анықталды. Қазып алынған топырақтың жалпы көлемі 338 мың текше метрге жеткен. Мамандардың бағалауынша, бүлінген аумақты қалпына келтіруге және карьерлерді қайта өңдеуге жарамды күйге келтіруге 485 миллион теңге қажет.

Соттың рұқсатымен екі арнайы техникаға, бір автокөлікке және коммерциялық үй-жайға тыйым салынды. Күдіктіге қатысты кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.