Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті қаза тапқаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.
Желіде жарияланған мәліметтерге сәйкес, марқұм университеттің география және табиғатты пайдалану факультетінде білім алған. Алайда қайғылы оқиғаның қашан және қандай жағдайда болғаны әзірге белгісіз.
Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.
Әзірге марқұмның жеке басына, өлім себебіне және күдіктінің қылмысқа ықтимал қатысына қатысты толық ақпарат жарияланған жоқ. Құқық қорғау органдарының тергеу қорытындысы күтілуде.



