Астана – Петропавл тасжолында болған жол-көлік оқиғасынан ауыр жарақат алған полиция капитаны Данияр Таев ауруханада көз жұмды.
Қайғылы оқиға 3 қарашада болған. Қызметтік көлік пен JAC маркалы автокөлік соқтығысып, салдарынан полиция қызметкері ауыр жарақат алған. Зардап шеккен капитан шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, JAC автокөлігінің жүргізушісі ұсталды. Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.



