Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,30₸0,00
EUR490,91₸0,00
RUB5,41₸0,00
CNY66,59₸0,00
ШҰҒЫЛ
Экономика

ҚАЗАҚСТАНДА ЕКІ АЭС ҚҰРЫЛЫСЫН 2035 ЖЫЛҒА ДЕЙІН АЯҚТАУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

Қазақстанда екі атом электр станциясының құрылысын 2035 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Ірі энергетикалық жобаларды Ресей мен Қытай компаниялары жетекшілік ететін халықаралық консорциумдар жүзеге асыруы мүмкін.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, алғашқы атом электр станциясы – «Балқаш» жобасы Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясы бастаған халықаралық консорциуммен бірлесіп салынады.

Ал екінші атом электр станциясы – «Мойынқұм» жобасын Қытайдың CNNC ұлттық ядролық корпорациясымен бірлесіп жүзеге асыру мәселесі қарастырылып жатыр.

Қазіргі уақытта екінші жобаның техникалық параметрлері, келісімшарт талаптары мен құрылыс мерзімдері талқылануда. Екі станцияны да 2035 жылға дейін пайдалануға беру көзделген.