Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанмен кездесу барысында «Халықтық құрылыс» бастамасының келешек ұрпақ үшін маңыздылығына тоқталды.
Президенттің айтуынша, бастама аясында мектептер, жоғары оқу орындары мен медициналық мекемелер сияқты әлеуметтік нысандар салу көзделген. Сондай-ақ кездесуде Қазақстандағы цифрлық технологияларды дамыту, білікті мамандар даярлау және Network School Kazakhstan жобасы аясындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.