Қазіргі уақытта бұл ақпаратқа қатысты құқық қорғау органдары ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Назар аударарлық жайт, блогердің әлеуметтік желідегі соңғы жарияланымы осыдан екі күн бұрын шыққан. Онда ол полицей туралы ақпарат жариялап, «шындықты айтқан қызметкер» жайлы жазба бөліскен. Бұдан кейін блогердің парақшасында жаңа жарияланым шықпаған.
Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы мен құқық қорғау органдарының ресми түсініктемесі күтілуде.



