Ішкі істер министрлігінде «Халық қаһарманы Ғазиз Байтасов» атты ведомстволық медаль тағайындалды. Жаңа марапат батырдың ерлігі мен азаматтық борышына адалдығын ұлықтауға бағытталған.
Медальдің алғашқы данасы Ғазиз Байтасовтың жұбайы Гүлжамал Тәжиеваға табысталды. Бұл — батырдың жарқын бейнесіне деген құрмет пен оның ерлігін ұмытпауға арналған алғыс белгісі.
Айта кетейік, Ғазиз Байтасов — қызметтік міндетін атқару кезінде ерлік көрсетіп, ел қауіпсіздігі жолында жанын қиған полиция қызметкері. Оның батылдығы мен жанқиярлығы кейінгі ұрпаққа үлгі болып қала береді.



