Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылып, оның орнына Марат Ирменов тағайындалды.
Ермек Сағымбаев ҰҚК-ні 2022 жылдың қаңтарынан бері басқарып келген. Ал жаңа төраға Марат Ирменов 2025 жылдан бастап комитет төрағасының орынбасары қызметін атқарған.



