Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,30₸0,00
EUR490,91₸0,00
RUB5,41₸0,00
CNY66,59₸0,00
ШҰҒЫЛ
Қоғам

ОРДАБАСЫДАҒЫ ШҰБАРСУ АУЫЛЫНА ГАЗ БЕРІЛДІ

Республика күні қарсаңында Ордабасы ауданына қарасты Шұбарсу ауылында табиғи газ желісінің үшінші кезеңі іске қосылды. Нәтижесінде 3 246 абонентті газбен қамтуға мүмкіндік туды. Ал жоба толық аяқталғанда 15 мыңнан астам абонент табиғи газға қосылады.

Салтанатты шараға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов қатысып, тұрғындарды қуанышымен құттықтады. Оның айтуынша, жоба аясында ауылдағы 30 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынның игілігін көруге мүмкіндік алады.

Үшінші кезеңде жалпы ұзындығы 122,4 шақырымнан астам газ құбыры тартылып, 20 газ реттеу пункті орнатылған. Жобаның осы кезеңіне 1,4 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды. Қазір ішкі газ желілерін салудың төртінші кезеңі жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, биыл Түркістан облысында 34 елді мекендегі 36 мың тұрғынды табиғи газбен қамту жоспарланған. Қазіргі таңда 20 елді мекен газға қосылған.