Қазақстанда Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасып жатыр. Науқан аясында еліміздің барлық өңіріндегі сауда орталықтары, сауда үйлері мен дүкендерде түрлі тауарларға жеңілдіктер ұсынылған.
Акцияға азық-түлік, киім-кешек, аяқкиім, тұрмыстық химия, техника және басқа да тауарлар енгізілген. Жекелеген өнімдерге берілетін жеңілдіктер 50 пайызға дейін жетеді.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі акция аясындағы бағаларға талдау жүргізіп, тұтынушылардың әртүрлі санаттағы тауарларды сатып алу кезінде қанша қаражат үнемдей алатынын есептеді. Есеп өңірлер ұсынған ақпарат негізінде әзірленген.



