Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,30₸0,00
EUR490,91₸0,00
RUB5,41₸0,00
CNY66,59₸0,00
ШҰҒЫЛ
Қоғам

ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫН РЕФОРМАЛАУ ҰСЫНЫСТАРЫН ӘЗІРЛЕУДЕ

«Әділет» партиясы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын реформалау жөнінде ұсыныстар әзірлеп жатыр. Осы мақсатта Құрылтай депутаты, партия өкілі Екатерина Смышляева басқарушы компаниялар мен салалық қауымдастық өкілдерімен кездесу өткізді.

Жиында мүлік иелері бірлестіктерінің (МИБ) төрағаларын ауыстыру тәртібі, меншік иелерінің деректеріне қол жеткізу, тұрғындардың дауыс беру рәсімдері, коммуналдық ресурстарды есепке алу және саланы цифрландыру мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті түйткілдер қарастырылып, басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеу мәселесіне назар аударылды.