Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 санатындағы турнирдің чемпионы атанды.
Финалда қазақстандық теннисші әлемнің 30-ракеткасы, канадалық Лейла Фернандеспен кездесіп, 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Матч 1 сағат 17 минутқа созылды.
Ойын барысында Рыбакина үш эйс жасап, бес брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.
Осылайша, Елена Рыбакина Нинбодағы турнирде екінші жыл қатарынан топ жарып, былтырғы чемпиондық атағын қорғап қалды.



