Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,30₸0,00
EUR490,91₸0,00
RUB5,41₸0,00
CNY66,59₸0,00
ШҰҒЫЛ
Спорт/Шоу-Биз

«ОРДАБАСЫ» ТАРИХТА ЕКІНШІ РЕТ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

25 қазанда Ақтөбедегі Орталық стадионда өткен «Ақтөбе» мен «Қайрат» арасындағы кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

Бұл нәтиже алматылық клубтың чемпиондыққа таласу мүмкіндігін жойды. Маусымның аяқталуына бір тур қалғанда «Ордабасы» 68 ұпай жинаса, «Қайраттың» еншісінде 64 ұпай қалды.

Осылайша, шымкенттік клуб Қазақстан чемпионы атағын тарихында екінші рет жеңіп алды. «Ордабасы» бұған дейін 2023 жылы ел біріншілігінде топ жарған еді.

Айта кетейік, келесі жазда Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде Қазақстан атынан «Ордабасы» клубы өнер көрсетеді.