Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,30₸0,00
EUR490,91₸0,00
RUB5,41₸0,00
CNY66,59₸0,00
ШҰҒЫЛ
Қоғам

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Қабылдау барысында тұрғын үй, жер, әлеуметтік және инфрақұрылым салаларына қатысты мәселелер көтерілді. Өңір басшысы әрбір өтініш бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауға алатынын айтты.

Жеке қабылдауға Жетсай, Шардара, Сарыағаш секілді шалғай аудандардан да азаматтар келді. Нұралхан Көшеров бұл өңірлерден көтерілген мәселелер бір ай ішінде шешімін табуы тиіс екенін атап өтті. Егер нәтиже болмаса, аталған аудандарға өзі барып, жағдайды жеке бақылауына алатынын жеткізді.