Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,30₸0,00
EUR490,91₸0,00
RUB5,41₸0,00
CNY66,59₸0,00
ШҰҒЫЛ
Таза Қазақстан

МАҚТААРАЛДА СЕНБІЛІККЕ 4 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

25 қазан – Республика күніне орай Мақтаарал ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Жол жиегі – Ел келбеті» атты жаппай сенбілік өтті. Тазалық жұмыстарына 4 мыңға жуық адам мен 25 арнайы техника жұмылдырылып, жол бойынан 28 тонна қоқыс шығарылды.

Аудан әкімі Бақыт Асанов қатысқан шара барысында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаны таза ұстаудың маңызы атап өтілді.

Биылғы тоғыз айда ауданда 60-тан астам сенбілік ұйымдастырылып, 30 мыңға жуық тұрғын қатысқан. Көктемде 15 мың түп ағаш отырғызылса, күзде тағы 35 мың көшет егу жоспарланған.