Маңғыстау облысында әлеуметтік желі арқылы азаматтарды алдады деген күдікпен танымал блогер ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
ергеу мәліметінше, күдікті Instagram парақшасында Қытайдан премиум санаттағы ыдыс-аяқ пен тұрмыстық техниканы арзан бағамен жеткізетінін жарнамалаған. Оның парақшасына 360 мыңнан астам адам жазылған.
Жарнамаға сенген азаматтар көрсетілген байланыс нөмірлері арқылы хабарласып, тауардың ақшасын жеке кәсіпкердің есепшотына аударған. Алайда тапсырыстар жеткізілмей, түскен қаражат жеке мақсаттарға жұмсалған. Тергеу барысында жәбірленушілер анықталған.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы, яғни алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.



