Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,30₸0,00
EUR490,91₸0,00
RUB5,41₸0,00
CNY66,59₸0,00
ШҰҒЫЛ
Қылмыс/Оқиға

БЕЛГІЛІ ЖУРНАЛИСТ АЙГЕРІМ АЙТАХАНОВАНЫҢ КӨЛІГІН ЗАҢСЫЗ АЙДАП КЕТКЕН

Түркістанда Shyndyq.kz ақпараттық порталының директоры әрі бас редакторы, қоғамдағы өзекті мәселелерді батыл көтеріп, халықтың ықыласына бөленіп жүрген танымал журналист Айка Айтаханованың көлігіне қатысты оқиға тіркелді. Ол жұмыс орнының алдында тұрған автокөлігін белгісіз адамның заңсыз айдап кеткені туралы полицияға арызданған.

Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. Мамандар оқиға орнын қарап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеген. Нәтижесінде көлікті заңсыз айдап кеткен жергілікті тұрғын әйел анықталған.

Автокөлік заттай дәлел ретінде алынып, арнайы айыптұраққа қойылған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Қоғамдық маңызы бар мәселелерді көтеріп, маңызды тақырыптарды ақпарат кеңістігінде кеңінен қозғап жүрген Айка Айтаханова полиция қызметкерлерінің кәсіби жұмысына ризашылығын білдіріп, Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаровқа алғысын жеткізген.