Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,30₸0,00
EUR490,91₸0,00
RUB5,41₸0,00
CNY66,59₸0,00
ШҰҒЫЛ
Қылмыс/Оқиға

АСТАНАДА ЗАҢСЫЗ ЕТ ӨҢДЕЙТІН ЖАСЫРЫН ЦЕХ АНЫҚТАЛДЫ

Астанада ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтамай жұмыс істеген жасырын ет өңдеу цехы анықталды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Тексеру барысында нысанда ет өнімдерін өңдеуге қажетті ветеринариялық-санитариялық қорытынды мен есептік нөмірдің болмағаны белгілі болды.

Шығу тегі белгісіз ірі және ұсақ қара малдың жалпы салмағы 360 келі болатын ішкі ағзалары мен қосалқы өнімдері «Астана-Ветсервис» кәсіпорнының пеш-инсинераторында өртеу арқылы жойылды. Сонымен қатар қой етінен зертханалық сынамалар алынды.

Нәтижесінде кінәлі тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды.