Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,30₸0,00
EUR490,91₸0,00
RUB5,41₸0,00
CNY66,59₸0,00
ШҰҒЫЛ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА РАДИО АШЫЛАДЫ

Аталған радио «Alatau media» орталығындағы «Turkistan media holding» жанынан құрылмақ. Оған түркиялық «ТРТ» корпорациясы қолдау көрсетеді. Бұл келісімге холдинг басшысы Жанахмет Ағыбаев Анадолы еліне барған арнайы сапарында қол жеткізді.

— «ТРТ» радиосының шетелдер редакциясының басшысы Невзат Мемет Түркістанда ашылатын жаңа радиоға қажетті контент беруге әзір екендіктерін және техникалық жәрдем беретіндерін айтты. Аталған радио Түркияда 41 тілде хабар тарататын іргелі шаңырақ. «Turkistan media holding» ЖШС-і алдағы уақытта «Түркістан» радиосын іске қосу үшін дайындық жұмыстарын бастады», — деді Жанахмет Жәнібекұлы.