Бұл видео желіде қызу талқыға түсті. Пікір қалдырғандар жуан жұдырықтың иесін жерден алып, жерге салды. Елден естігеніміз күшін әйелге көрсеткен еркек құрығы ұзын бизнесвумен Гүлайым Шунгараеваның ұлы екен. Гүлайым Шунгараева “Amanat”партиясының мүшесі, Шымкент қалалық мәслихатына үміткер болған еді. Ол өзінің сайлауалды бағдарламасында отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізетінін айтқан еді. Ұзынқұлақтың айтуынша, бизнесвумен таныстарын араға салып, істі үнсіз жабуға әрекет етіп жатқан сыңайлы.
“ӘЙЕЛМЭН” КҮШІН ӘЛСІЗГЕ КӨРСЕТЕТІН ЕРКЕК



