«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында «Автормен кездесу» атты әдеби жоба іске қосылды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Креативті индустрияларды дамыту қоры қолға алған бастама жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, отандық әдебиетке қызығушылықты арттыруды көздейді.
Жоба Мемлекет басшысының 2026 жылғы 16 мамырдағы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыруға бағытталған.
Әдеби жобаның алғашқы қонағы – жазушы, драматург, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Роза Мұқанова. Қаламгермен кездесу елордадағы Qazaq Creative Hub алаңында өтті.
Кездесу барысында қатысушылар жазушының шығармашылығы, әдеби туындылары және қазіргі қазақ әдебиетінің даму үрдістері жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ кітап оқудың маңызы мен жас ұрпақтың рухани дамуына әдебиеттің ықпалы талқыланды.



