Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,30₸0,00
EUR490,91₸0,00
RUB5,41₸0,00
CNY66,59₸0,00
ШҰҒЫЛ

ОРДАБАСЫДА 250 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

Республика күні қарсаңында Ордабасы ауданының Бадам ауылында 250 орындық жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, аудан әкімі Азат Оралбаев, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.

Жаңа нысанның құрылысын «ST Service KZ» ЖШС жүргізген. Жобаға бөлінген қаржы көлемі 612,695 млн теңгені құрайды.

Заманауи ғимаратта сахна, балет залы, кітапхана, ардагерлер бөлмесі және спортпен шұғылдануға арналған орындар қарастырылған. Сондай-ақ шахмат пен үстел теннисіне қажетті жабдықтар орнатылып, сурет көрмелерін өткізуге жағдай жасалған.

Жаңа мәдениет үйі ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуге, жас таланттардың қабілетін дамытуға және мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Салтанатты рәсім соңында ғимарат ауласына шырша көшеттері отырғызылды.