Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,30₸0,00
EUR490,91₸0,00
RUB5,41₸0,00
CNY66,59₸0,00
ШҰҒЫЛ
Қылмыс/Оқиға

ҚЫЗЫЛОРДАДА 14 ЖАСТАҒЫ ЖАСӨСПІРІМ ҚАТАРЛАСЫНЫҢ ҚОЛЫНАН ҚАЗА ТАПТЫ

Қызылордада 14 жастағы жасөспірім пышақ емес, бұрауыштан алған жарақат салдарынан көз жұмды. Қайғылы оқиға 2026 жылғы 21 қазанда қаланың орталық алаңында болған. Бұл туралы марқұмның әпкесі Threads әлеуметтік желісінде жазды.

Туыстарының мәліметінше, жасөспірім мен 13 жастағы танысының арасында жанжал туындаған. Дауға 1000 теңге себеп болуы мүмкін. Жанжал кезінде жасөспірімнің кеуде тұсына бұрауыш сұғылған. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Марқұмның әпкесі оқиғаға бірнеше адамның қатысы болуы мүмкін екенін де айтқан.

Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Кәмелетке толмаған күдікті облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, іс полицияның ерекше бақылауына алынған.