Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,30₸0,00
EUR490,91₸0,00
RUB5,41₸0,00
CNY66,59₸0,00
ШҰҒЫЛ
Қылмыс/Оқиға

АТЫРАУДА ШЕНЕУНІК ӨЗ ПӘТЕРІНЕН ӨЛІ ТАБЫЛДЫ

Атырауда Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің басшысы Бауыржан Асаиновтың мәйіті өз пәтерінен табылды. Марқұмның денесі 18 қазанда анықталған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, оның денесі пәтерде шамамен екі апта жатуы мүмкін. Осы уақыт аралығында үйге жылу берілгендіктен, мәйіттегі өзгерістер үдеп, өлімнің нақты себебін анықтау қиындауы ықтимал.

Сондай-ақ марқұм мен оның ағасы арасында жанжал болғаны туралы ақпарат тарады. Мәліметке сәйкес, екеуі бірге ішімдік ішкеннен кейін сөзге келіп, ағасы Бауыржан Асаиновты ұрып, пәтерден шығып кеткен. Алайда бұл ақпараттың мән-жайы мен өлімнің нақты себебі ресми түрде расталғаны туралы дерек жоқ.