Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,30₸0,00
EUR490,91₸0,00
RUB5,41₸0,00
CNY66,59₸0,00
ШҰҒЫЛ
Қылмыс/Оқиға

ҚОСТАНАЙДА ПОЛИЦИЯДАН ҚАШҚАН ЖҮРГІЗУШІ АВТОБУСҚА СОҚТЫҒЫСЫП, ҚАЗА ТАПТЫ

Қостанайда полицияның тоқтау туралы талабына бағынбаған жүргізуші автобуспен соқтығысып, көз жұмды.

Полицияның мәліметінше, оқиға 25 қазанда кешкі уақытта болған. Жүргізуші жол қозғалысы ережелерін бұзып, полицияның тоқтау туралы талабын орындамай, қозғалысын жалғастырған. Кейін бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, автобуспен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Оның жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Автобуста 55 адам болған. Олардың екеуіне оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.