Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,30₸0,00
EUR490,91₸0,00
RUB5,41₸0,00
CNY66,59₸0,00
ШҰҒЫЛ
Саясат

ТОҚАЕВ ҰЛТТЫҚ АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫН ДАМЫТУДЫ БАҚЫЛАУДА ҰСТАУДЫ ТАПСЫРДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады. Кездесуде агенттіктің 2026 жылы атқарған жұмыстарының негізгі нәтижелері таныстырылды.

Президентке атом өнеркәсібі мен энергетиканы дамыту бағытындағы жұмыстар, соның ішінде атом электр станцияларын салу, атом ғылымы мен инновацияларды дамыту, білікті мамандар даярлау және жобалардағы отандық үлесті арттыру мәселелері жөнінде баяндалды.

Сондай-ақ Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру, радиоактивті қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық базаны нығайту мәселелеріне назар аударылды.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы ұлттық атом энергетикасын дамыту мәселелерін ерекше бақылауда ұстауды және атом саласын дамыту стратегиясында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру үшін уақтылы шаралар қабылдауды тапсырды.