Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» Еңбекші ауданы мамандарының ұйымдастыруымен талантты жас дәстүрлі әншісі Нұрдәулет Ниязбекпен кездесу өтті.
Кездесу барысында шығармашылығы мен алдағы жоспарлары жайында әңгіме өрбіді. Сондай-ақ әрбір талабы мен таланты бар жас, тынбай еңбек етіп өз бойындағы дарыны мен шығармашылығын одан әрі дамытып, әрдайым ізденіс үстінде болу керектігі айтылды.



