Ауданымызда жыл басынан бастау алған әуесқой лига ойындарына жалпы 100-ге жуық аудан тұрғындары қатысты. Жарыс Асықата кентіндегі №13 Н.Төреқұлов атындағы жалпы білім беретін мектептің спорт залында өттi.
Жарыс барысында ережеге сәйкес қатысушылар жас ерекшеліктері мен деңгейлеріне қарай бөлінген лигалардың мықтылары анықталды. Сайыс қорытындысы бойынша Супер ЛИГАНЫҢ жеңімпаздары төмендегідей:
I орын Қонысбай Айболат
II орын Түзелхан Ердәулет
III орын Муханбет Әли Дәулет
Спорттық іс-шараның қорытынды нәтижесі бойынша әрбір категорияның жүлделі орын алған жеңімпаздарына Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің атынан арнайы дайындалған ауыспалы кубогы, медаль және дипломдарымен марапатталды.
Үстел теннисінен келесі V тур ойындары Қараша айында өтіледі деп жоспарлануда.



