Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,30₸0,00
EUR490,91₸0,00
RUB5,41₸0,00
CNY66,59₸0,00
ШҰҒЫЛ
Қоғам

ТҮРКИЯЛЫҚ КОМПАНИЯ ТҮРКІСТАНҒА ИНВИСТИЦИЯ САЛМАҚ

Әлем нарығында 50 жылға жуық уақыттан бері электр жабдықтарын өндірумен айналысатын тәжірибелі кәсіпорын Түркістаннан зауыт ашуды жоспарлап отыр. Осы мақсатта компанияның Халықаралық жобалар және сату жөніндегі директоры Ердоған Димерел Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаевпен жүздесті. Кездесу барысында кәсіпкерлер палатасы тарапынан қолдау білдіру жайы сөз болды.

«Кәсіпкерлер палатасы отандық кәсіпкерлерге қолдау білдіріп отырған кәсіпкерлердің қарашаңырағы. Жобаларды сүйемелдеу мен кәсіпкерлердің құқығын қорғау басты бағытымыз. Сіздің ұсынып отырған жобаңыз өте ауқымды. Әрине шетелдік инвесторлармен де бірлесіп жұмыс істеуге әзірміз», — деді Асылан Сейілбекұлы.

Инвисторлар энергетика саласындағы біліктілігін пайдалана отырып жобаны іске асыруға күш салмақ. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінге күнге дейін оңтүстік өңірде түрік инвестицияларының қатысуымен 50-ден астам инвестициялық жоба жүзеге асқан.

сатып алады. Көрмеге өңір аумағынан келген «Mega Smart», «Ақниет Holding», «OO Sert», «Туран» жиһаз фабрикалары қатысты.