Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,30₸0,00
EUR490,91₸0,00
RUB5,41₸0,00
CNY66,59₸0,00
ШҰҒЫЛ
Қоғам

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЖЫМАЛЫ КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «SHYMQALA» тарихи-мәдени кешенінде «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің «Ұлы жібек жолы және Отырар алқабының ортағасырлық өркениеті» тақырыбында жылжымалы көрмесі ұйымдастырылмақ.

Көрмеде көне өркениет тарихынан хабар беретін мұражай қоры жинағындағы ортағасырлық жәдігерлер — асханалық бұйымдар, зергерлік заттар және басқа да көне тұрмыста қолданылған археологиялық түпнұсқа жәдігерлер көпшілік көрермен назарына ұсынылады.