Ауданымыздың белсенді кәсіпкерлерінің бірі Пазыл Ғали Тағабайұлы «Сайрам» тұрғын алабында орналасқан 4 балалар үйі тәрбиеленушілеріне 3тонна қарбыз өнімін апарып, балаларға өзінің дәстүрлі сыйлығын жасады.
Өз кезегінде балалар үйі басшылығы мен тәрбиеленушілері кәсіпкерге өз алғыстарын жеткізді.
Еске сала кетейік, аудан кәсіпкерлері тұрақты түрде аудан аумағындағы барлық қайырымдылық жұмыстарына белсенді қатысып келеді.





