Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,30₸0,00
EUR490,91₸0,00
RUB5,41₸0,00
CNY66,59₸0,00
ШҰҒЫЛ
#Денсаулық

ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 125 АДАМ ІНДЕТ ЖҰҚТЫРҒАН

Өткен тәулікте қаладағы 125 азаматтан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде белгілері бар 113 болса, 12-нің белгілері жоқ. Індет жұқтырған 52 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 73 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 443 орын бар, 804 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 639 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 272 төсек орын бар, 125 науқас ем қабылдауда.

Сонымен бірге бір тәулік ішінде қалада 11 622 адам вакцина алды (I компонент-9308, II компонент-2314). Егу науқаны басталғалы барлығы 496 564 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 406 244 адам вакцинаның екі компонентін алды.