Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,30₸0,00
EUR490,91₸0,00
RUB5,41₸0,00
CNY66,59₸0,00
ШҰҒЫЛ
Білім

ЖЕЛТОҚСАНШЫ ЖАСТАРҒА АҚЫЛЫН АЙТТЫ

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы N50 мектеп- гимназиясы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған 30 іс -шара жоспары аясында желтоқсан оқиғасына қатысушы С.Исабековпен 9-11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында желтоқсаншы жастар туралы оқиғаға байланысты болған жайттарды баяндады. Оқушылар кездесуден жақсы әсер алды.

— Ел үшін қолдан келгенше еңбек етіп жатырмыз. Біздің басымыздан өткізген қиын кезеңдерді қазіргі жас буын көрмесе екен деп тілеймін. Бүгінде тәуелсіздіктің арқасында көп нәрсеге қол жеткіздік. Осылай емін-еркін отырғанымыз да тәуелсіздіктің жемісі. Алдарыңа үлкен арман-мақсат қойыңдар. Елге, жерге адал қызмет етіңдер! — деді өз сөзінде С. Исабеков.