Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,30₸0,00
EUR490,91₸0,00
RUB5,41₸0,00
CNY66,59₸0,00
ШҰҒЫЛ
Білім

ҰСТАЗДАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК БЕРІЛДІ

Ұстаздар қауымы Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, құқық негіздері пәндері бойынша 5-11 сыныптарға сабақ беретін жас мұғалімдер сабақты жоспарлау құрылымдары, сабақтың тақырыбы, оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары, сабақтың мақсаты, сабақтың барысының кезеңдері: сабақтың кезеңі, педагогтің әрекеті, оқушының әрекеті, бағалау, ресурстар бойынша қысқа мерзімді жоспар жасап кері байланыс жасады.

«Төрткүл» жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Д.Алдаберген, Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ә.Әбсамат қысқа мерзімді жоспар жасауда өздерінің шеберліктерін көрсете білді.
Жобаға қатысушы жас мұғалімдерге әдістемелік көмек беру барысында оқушылармен өзіндік жұмыс жасау, сабақта әдіс-тәсілдерді қолдану, топпен жұмыс жасау жолдары туралы айтылды.