Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,30₸0,00
EUR490,91₸0,00
RUB5,41₸0,00
CNY66,59₸0,00
ШҰҒЫЛ
Білім

ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР БАЙҚАУЫ

Түркістан облысы, Ордабасы аудандық «Жастар ресурстық орталығының» аудан көлемінде өткізілген мәдени, спорттық іс-шаралар жоспарына сәйкес, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және Жеңіс күніне орай «Ерлік жастар көзімен» атты патриоттық әндер байқауы өз деңгейінде өткен-ді.

Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің 11 — сынып оқушысы Бибігүл Төлегенова «Қазақ елі» атты әнімен І орын иегері атанды.

Бұл байқауда үміткерлер өз өнерлерін көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленді. Ән салуды жанына серік еткен жас өрендерге өмір жолдарына сәттілік тілесті.