Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,30₸0,00
EUR490,91₸0,00
RUB5,41₸0,00
CNY66,59₸0,00
ШҰҒЫЛ
Білім

КӨРКЕМСӨЗ ОҚУЛАРЫ ӨТТІ

Байқау
Ббб

Түркістан облысы, Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Омарова Гүлназдың ұйымдастырумен «1-мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Татулық — достықтың киелі бесігі» атты аудан оқушылары арасында көркемсөз оқулары өтті.

Бұл байқаудың мақсаты — балалардың көркем шығармашылығын қолдау және дамыту, оларды мәдени құндылықтарға баулу, халықтар достығын нығайту болып табылады.
Жалпы мектептерден 5-11 сынып аралығында 48 оқушы қатысып, өз өнерлерін көрсетті.