Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,30₸0,00
EUR490,91₸0,00
RUB5,41₸0,00
CNY66,59₸0,00
ШҰҒЫЛ
Білім

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ ОҚУЛЫҚТАРМЕН ҚАМТЫЛДЫ

2021-2022 жаңа оқу жылында 2-11 сынып оқушыларына қосымша сатып алынған оқулықтар Шымкент қаласына толығымен жеткізіліп білім беру мекемелеріне таратылды.

Биыл қайта басылып шыққан 1сынып оқулықтары және ең басты жағымды жаңалық 1 сыныптар үшін «Әліппе», «Букварь» оқулықтарының сатып алынуы.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары кітапханаларының материалдық-техникалық базасын нығайту, сондай ақ олардың кітапхана қорын жаңартып, көркем және қосымша қазақ тіліндегі әдебиеттермен толықтыру» бойынша берілген тапсырмасына сәйкес білім беру мекемелеріне көркем әдебиеттер сатып алынды.