Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,40₸+0,10
EUR488,97₸−1,94
RUB5,39₸−0,02
CNY66,66₸+0,07
ШҰҒЫЛ

ТРАМП: «ЕРДОҒАН – МЕНІҢ ДОСЫМ»

Кездесу барысында тараптар қорғаныс, сауда және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

Келіссөзден кейін Трамп Түркияның өңірдегі ықпалы мен әлеуетіне жоғары баға беріп, Ердоғанмен арадағы қарым-қатынастың жақсы екенін айтты.

«Түркия – қуатты әрі ықпалды мемлекет. Президент Ердоған – менің досым. Біз әрдайым жақсы қарым-қатынаста болдық», – деді Трамп.

Сонымен қатар АҚШ басшысы екі ел арасындағы байланыс бұрынғыдан да нығайып келе жатқанын атап өтті.