Акция барысында пеш және газ құбырларының дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан туындайтын улануды болдырмау үшін аудандағы аз қамтылған отбасыларға газосигнализаторлар орнатылды. Құрылғы иісті газ шыққан жағдайды бірден дабыл қағады.
—Әл-Фараби ауданы демеушілерінің көмегімен 100 үйге газосигнализаторлар орнатып жатырмыз. Мұндай шаралар қайғылы жағдайлардың алдын алуға тікелей септігін тигізеді деп ойлаймыз. Былтыр қалада газдан улану бойынша 5 оқиға тіркеліп, 4 адам зардап шекті. Биыл келеңсіз оқиғаларды болдырмауға барынша тырысып жатырмыз, — деді Рашид Мамытұлы.
Барша тұрғындарды қауіпсіздікке көңіл бөліп, мұржалар мен газ келетін құбырларды қыс айларына қазірден бастап дайындауға шақырамыз!



