Тексеру нәтижесінде бірқатар білім беру ұйымдарында интернет қауіпсіздігі талаптарының сақталмағаны белгілі болды. Оқушыларға арналған компьютерлерде арнайы қорғаныс жүйелері мен шектеулердің жеткіліксіз болғаны айтылды.
Аталған заңбұзушылықтарға байланысты облыстағы 8 мектептің директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға айыппұл салынды.
Қазіргі уақытта барлық мектептерде қауіпті интернет-ресурстар бұғатталып, қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Сондай-ақ білім беру мекемелеріне оқушылардың интернетке кіруін бақылауды қатаңдату жөнінде тапсырмалар берілген.
Мамандар балалардың интернеттегі қауіпсіздігіне ата-аналар мен мектеп әкімшілігі бірдей жауапты екенін еске салып, киберқауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.



