Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,40₸+0,10
EUR488,97₸−1,94
RUB5,39₸−0,02
CNY66,66₸+0,07
ШҰҒЫЛ

450 МЫҢҒА ЖУЫҚ БАЛАҒА МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАЛУ ҮШІН ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК БЕРІЛЕДІ

2026 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында мектеп формасын, аяқ киім мен оқу құралдарын сатып алуға арналған мемлекеттік қолдау шамамен 450 мың баланы қамтиды.

Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттерден шамамен 23 млрд теңге бөлінген.

Ресми мәліметке сәйкес, бір балаға берілетін көмектің ең төменгі мөлшері 50 851 теңгені құрайды. Кейбір өңірлерде төлем көлемі жергілікті мүмкіндіктерге қарай бұдан да жоғары болуы мүмкін.

Аталған қолдау шарасы аз қамтылған және әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың балаларын жаңа оқу жылына толыққанды дайындауға бағытталған.