Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух теміржол құрылысына қатысты жемқорлық дауы аясында қызметінен кетуге шешім қабылдағанын мәлімдеді. Мемлекет басшысы өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, кінәсіздігін дәлелдеу үшін тергеуге көмектесуге дайын екенін жеткізді.
Даудың туындауына Таван-Толгой – Гашуунсухайт теміржолының құрылысына қатысты күмәнді келісімдер себеп болған. Оппозиция өкілдерінің мәлімдеуінше, теміржол салуға арналған жабық тендер барысында 110 миллион доллар көлемінде пара берілуі мүмкін.
Осыған байланысты 16 қарашада оппозиция президент пен жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінген өзге де жоғары лауазымды шенеуніктердің отставкаға кетуін талап етті. Сондай-ақ аталған іске қатысты жан-жақты әрі ашық тергеу жүргізуге шақырды.
17 қарашада тікелей эфирде мәлімдеме жасаған Ухнаагийн Хурэлсух өзіне қатысты айыптауларды жоққа шығарды. Ол қызметінен кету туралы шешімін кінәсіздігін дәлелдеуге және тергеудің жүргізілуіне жағдай жасауға бағытталған қадам ретінде түсіндірді.
Айта кетейік, Ухнаагийн Хурэлсух Моңғолия президенті қызметіне 2021 жылы кіріскен.