Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,30₸0,00
EUR490,91₸0,00
RUB5,41₸0,00
CNY66,59₸0,00
ШҰҒЫЛ

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және болдырмау

Ордабасы ауданы полиция бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы» және Адами әлеуетті дамыту бөлімі бірлесіп “Абайлаңыз, балалар! ” жедел профилактикалық іс-шарасын жүргізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты — аудан көлемінде балалар мен жасөспірімдердің себептерінен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және болдырмау. Аталған іс-шара бойынша үнпарақшалар таратылып, полиция инспекторы А.Көпбосын балаларға жол ережесі мен жол қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақырды. Балалар мен жасөспірімдердің жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы іс-шара алдағы уақытта да жалғасын табады.