Аралау барысында аулалардағы заңсыз құрылыстарды бұзу бойынша сала басшысына нақты тапсырмалар беріп, орындалу мерзімін бекітті. Бірлік секторындағы сквер, «Отырар» мөлтек ауданындағы желілік саябақ құрылысы мен жарықтандыру жұмысына қатысты бірқатар кемшіліктер айтылып, мердігер мекемеге ескертілді. Сонымен қатар, жолдарға тас төсеу мәселесі мен қала аумағындағы тазалық жайы да бақылаудан тыс қалмады. Жауапты мамандарға кемшіліктерді жоюға уақыт берілді. Нұрбол Әбдісаттарұлы «Қазір әр сәтті тиімді пайдалану керек. Алдымызда жауын-шашын кезеңі бар. Сондықтан уақытпен санасудың қажеті жоқ» деп, тірлікті тиянақтауға барлық күшті жұмылдыру қажеттігін атап өтті.
Н.ТҰРАШБЕКОВ: «ҚАЗІР ДЕМАЛУҒА БОЛМАЙДЫ, ЖАУЫН-ШАШЫН БАСТАЛҒАНША ӘР СӘТТІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ КЕРЕК»



