Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,30₸0,00
EUR490,91₸0,00
RUB5,41₸0,00
CNY66,59₸0,00
ШҰҒЫЛ
Білім

«Оқырман отбасы» интеллектуалды сайысы өтті

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Жүз Отыз Бесінші жалпы орта мектебінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында жоғары дәрежеде ісшаралар өткізіліп келеді. Айтулы мерекемен қатар, тұспа-тұс келген қазақтың тұңғыш ағартушысы, педагог, этнограф Ы.Алтынсариннің 180 жылдығын да ұрпақ ұмытпақ емес. Осы тақырыптарды тереңінен түсіну үшін білім ошағында  «Оқырман отбасы» интеллектуалды сайысы ұйымдастырылды.

Ата-аналар келіп, балаларына қолдау көрсетті. Өздеріне берілген ақындарды, жазушыларды зерттеп, оқып, түйініп келіп ұл-қыздарымен бірге сайысты алып шықты. Дайындалып келгендердің ішінен Мұқағали Мақатаев, Әлихан Бөкейханов, Жамбыл Жабаев сияқты тұлғаларды тереңірек білетіндіктерін аңғартты. Ата-аналар дайындап, ізденіп келген видео слайдтарын көрсетіп, дүйім жұртты таңғалдырды.

«Осындай сайыстарымыз көбейіп, балаларды әрі қарай кітапқа бірге әуестендіре берейік, «- десті ұйымдастырушылар.