Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,40₸+0,10
EUR488,97₸−1,94
RUB5,39₸−0,02
CNY66,66₸+0,07
ШҰҒЫЛ
Саясат

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ 2021-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ БЕКІТІЛДІ

Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясы онлайн режимде өтті. Жиында негізінен үш мәселе қаралып, депутаттар тарапынан қолдау тапты. Алдымен Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту мәселесі қаралды.

Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рахымберді Мулкеманов жаңа бағдарлама 3 негізгі бағыттан тұратынын атап өтті. Жаңа форматта әзірленген бағдарлама 14 мақсат, 25 индикаторды қамтыған. Басқарма басшысының айтуынша, 2018-2020 жылдарға арналған бағдарлама аяқталып, оның орындалуы бойынша мәслихатта есеп берілді.