Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,40₸+0,10
EUR488,97₸−1,94
RUB5,39₸−0,02
CNY66,66₸+0,07
ШҰҒЫЛ
Тәуелсіздікке — 30 жыл

БІЛІМ ОРДАСЫНДА КІТАП КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Бүгінде айтулы мерекеге орай қаламыздың көптеген мекемесінде арнайы ісшаралар жалғасын табуда.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Жұлдызды 30 күн» іс-шаралар жоспарына сәйкес «Мирас» колледжінің кітапханасында «Тәуелсіздікке 30 жыл» тақырыбында кітап көрмесі өтті.

Көрменің мақсаты: кітап оқуды насихаттау, жастар арасында оқуға деген қызығушылықты арттыру, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына ықпал ету.

Кітап көрмесінде оқырмандар Тәуелсіздік жылдары жайлы жаңадан шыққан кітаптармен де танысты.