Түркістан облысы, Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің орыс тілі мен әдебиеті әдіскері Р.Есимханова «Авторлық бағдарлама» тақырыбында аудандық шығармашылық тобын құрды.
Оның құрамында 18 мұғалім бар. Олар өз кезегінде 5 жұмыс тобына бөлінді. Бұл топтар орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 5-11 сыныптарға арналған элективті курстарының авторлық бағдарламаларын әзірлеуде.
Толықтыра кетсек, жуырда шығармашылық топтың 2-ші отырысы өтіп, жұмыс барысында мұғалімдер әзірлеген оқу-тақырыптық жоспарлар мен элективті курс сабақтарына талдау жасалды. Әдіскер 
авторлық бағдарламаларды рәсімдеу бойынша ұсыныстар берді.



