Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,30₸0,00
EUR490,91₸0,00
RUB5,41₸0,00
CNY66,59₸0,00
ШҰҒЫЛ
#Жастар

«ШЫҒАРМАШЫЛ ЖАСТАР» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ 

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» Абай ауданы бөлімі және «Энергетика және байланыс колледжі» мамандарының ұйымдастыруымен “Шығармашыл жастар” тақырыбында І-курс студенттерімен кездесу өтті.

Ісшараға «Шаңырақ» ҚБ басшысы Сабира Байзахова, заң ғылымдарының phD докторы Ермек Бекбосынов және «Энергетика және байланыс колледжінің» І-курс студенттері қатысты.

Кездесу барысында қонақтар арнайы сөз сөйлеп лекция оқып, сұрақ-жауап өткізіп, студент жастармен пікір алмасты. Жиын барлық санитарлық эпидемиологиялық талаптарға сай өткізілді.