Дүйсенбі, 16 қараша 2026
ҰЛТТЫҚ БАНК16.11.2026
USD444,40₸+0,10
EUR488,97₸−1,94
RUB5,39₸−0,02
CNY66,66₸+0,07
ШҰҒЫЛ
#Денсаулық

БІР ТӘУЛІКТЕ 54 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ

Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 54 жағдай тіркелді. Оның ішінде 47-сі дерттің симптомсыз түріне шалдыққан. Вирус жұқтырған 33 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 21 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 283 орын бар, төсек орын толымдығы 32%-ды құрайды, 867 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 416 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 219 төсек орын бар, 67 науқас ем қабылдауда.

Бір тәулік ішінде қалада 4585 адам вакцина алды (I компонент-1070, II компонент-3515). Егу науқаны басталғалы барлығы 530 819 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 434 467 адам вакцинаның екі компонентін алды.